Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы «Сыйқыршы» лақап атпен танымал 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориа (16-3, 6 КО) болады. Өз елінде орта салмақтағы үздік боксшы. Кориа кәсіпқой рингтегі 19 жекпе-жектің үшеуінде жеңілген. Үш жеңілісті де төрешілер шешімімен ұтылған», - делінген хабарламада.

Осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегінде Гонсало Кориа 2019 жылдың 28 маусымында мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңіп, WBC FECARBOX орта салмақтағы титулын жеңіп алды.

Еске салайық, Әлімханұлы мен Кориа арасындағы жекпе-жек 9 қазанда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...