Владимир Смирнов Қазақстан ұок-пен шаңғы спорты түрлерін дамыту жоспарын бөлісті

Владимир Смирнов Қазақстан ұок-пен шаңғы спорты түрлерін дамыту жоспарын бөлісті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Жанар Утешева ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы басшыларымен кездесті, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық президенті Диас Сүлейменов ұйымның вице-президенті, даңқты қазақстандық шаңғысы Владимир Смирновты ресми түрде таныстырды. Ол аталған қызметке ағымдағы жылдың сәуірінде сайланған болатын. 

Кездесу аясында Қауымдастық өкілдері еліміздегі шаңғы спортын дамытудағы маңызды аспектілерге тоқталып, Халықаралық федерациямен қарым-қатынасты нығайту жолындағы жұмыстар туралы баяндады. ҰОК-тің халықаралық әріптестікке ерекше назар аударатынын ескерсек, аталған сауал күн тәртібіндегі маңызды мәселе болды. 

Сондай-ақ тараптар Қазақстанның 2025 жылғы Харбиндегі (Қытай) қысқы Азиада мен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына (Милан-Кортина, Италия) қатысуын талқылап, қазақстандық атлеттердің маңызды жарыстарға дайындығын және оларға дайындық кезінде жолығатын мәселелерді сөз қылды.

Қазақстан ҰОК өкілі барлық қызығушы тараптың бірлескен жұмысы ел спортын дамытудағы маңызды қадам екенін, сондықтан, Ұлттық федерациялармен әріптестік орнату еліміздегі басты олимпиадалық ведомствоның  басымдығы болып қалатынын атап өтті. 

Ж. Утешева ҰОК-тің спортшыларды қолдауға арналған жоспарларын айтты, оның ішінде, мансабын аяқтаған атлеттер де бар. Сонымен қатар, әлемдік деңгейде белсенді қызмет етуге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламаларына тоқталды. 

Владимир Смирнов аталған бастамалардың маңызды әрі актуалды екенін атып, қолдау көрсетті. Ол болашақта ҰОК жобаларына қатысып, өз білімі мен тәжірибесін бөлісуге келісті. 

Қазақстан ҰОК бас хатшысы атап өткендей, Владимир Смирновтан бастау алған отандық шаңғы спортының бай дәстүрі бар. Сондықтан, аталған спорт түрін қайта жаңғырту ісіне оның қатысуы да заңды.  

«Қауымдастық шаңғы спорты түрлерін дамытуға арналған өз жоспарларын жүзеге асыру барысында ҰОК қолдауына сене  алады», - деген Ж. Утешева бұл спорт түрінің дамуы бұқаралық сипат алмайынша, балалардың қызығушылығын тудырмайынша мүмкін еместігін айтты. Бұл туралы Олимпиада чемпионы да талай мәрте баяндады. 

Сондықтан тараптар осы бағытта, әсіресе, еліміздегі шаңғы спорты дамыған аймақтарда біресіп жұмыс істеуге келісті. 

Биыл Олимпиада чемпионының жүлдесіне арналған Щучинскідегі турнир қайта жанданады. 2024 жылы қазақстандық спортшының Олимпиада ойындарында алтын алғанына 30 жыл толды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...