Олимпиадаға іріктеу: Ұлжан Сәрсенбек америкалық боксшыға есе жіберді

Олимпиадаға іріктеу: Ұлжан Сәрсенбек америкалық боксшыға есе жіберді

Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңілді. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға жол берді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің 1/8 айналымына өте алмады. 

Айта кетелік, Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген еді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...