Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатындағы екі топ құрамын жариялады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Келесі жылы әлемдік сынға қатысатын командалар қатарында Қазақстан да бар. Ал дүбірлі доданы Швецияның Стокгольм және Данияның Хернинг қалалары қабылдайды. 

Қазақстан құрамасы В тобына  түсті: Қазақстан, Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия Швейцария АҚШ. Бұл топтың кездесулері Хернингте (Дания) өтеді. 

А тобында мына командалар бақ сынайды: Австрия, Канада, Финляндия, Франция, Латвия, Словакия, Словения, Швеция. 

Алдағы үш айда әлем чемпионатының жарыс кестесі хабарланады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...