Бокстан Қазақстан құрамасы олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастайды

Бокстан Қазақстан құрамасы олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңін бастайды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Түркияның Анталья қаласындағы бір апталық жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңейтілген құраманың жиыны бір аптаға созылып, боксшылар жағажайда жаттықты. Сондай-ақ, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды.

Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты.

Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі.

Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Соның алғашқысы жақын арада басталады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Майдан даласында мәңгілік ерлік ізін қалдырған жан аз емес. Тарих беттерінде аты алтын әріптермен жазылмағанымен, ұрпағы үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен алысқан...