Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында.
Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.
Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.