Абай облысы: Олимпиадада жүлде алған алғашқы қазақтың отаны

Абай облысы: Олимпиадада жүлде алған алғашқы қазақтың отаны

Қазақстанның әлемдік спортта танылуына еліміздің әрбір аймағы үлес қосты. Оның ішінде Абай облысының орны ерекше. Тап осы аймақтан әлемге танылған көптеген атлеттер шықты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың қатарында Ғұсман Қосанов бар. Ол Олимпиаданың жүлдесін еншілеген алғашқы қазақ ретінде тарихта қалды. Әйгілі спортшы 1960 жылғы Рим Олимпиадасында күміс медаль иеленген. Ол КСРО құрамасы сапында эстафетадан жүлде алды. 

Аймақтан шыққан тағы бір спортшы  - дзюдошы Ерлан Серікжанов. Оның басты жетістігі -2018 жылғы әлем чемпионатының күміс медалі. Бір жылдан соң ол Азия чемпионатында үздік атанды. 

Облыстын түлеп ұшқан тағы бір Олимпиадашы – Нұрсұлтан Тұрсынов. Грек-рим күресінің шебері 87 келі салмақта Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Балуанның жүлде қоржынында Азия чемпионатының алтыны, үш күмісі және бір қола медалі бар. 

Грек-рим күресі жайлы сөз болғанда, әйгілі бапкер Ром Ильматовты ұмытуға болмайды. Ол өз өмірін толығымен осы спортқа арнап, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы жаттықтырушысы атанды. Ол өзінің бапкерлік қызметінде 15 КСРО шеберін дайындаған. 

Абай облысы биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренконың отаны. Аталған спортшы Азия ойындарында бірнеше рет топ жарған. Сондай-ақ, Азия чемпионы атағы бар. 2017 жылы  әлем кубогінің қола медалін  иеленіп, Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында қорғады. 

Дзюдошы Гүлжан Исанованың да ауыз толтырып айтатын жетістіктері мол. Оның еншісінде Азия ойындарының үш  қола медалі бар. Ол Азия чемпионатында бес рет үздік үштікке еніп, 2009 жылы чемпион атанады. Лондон Олимпиадасында белдескен санаулы балуандардың бірі. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас...