Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогінің финалына шықты, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады.
Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.
Алтын үшін таласта Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.