Ильфат Абдуллин: Әлем кубогі дайындық деңгейін анықтап берді

Ильфат Абдуллин: Әлем кубогі дайындық деңгейін анықтап берді

Садақ атудан Қазақстан командасының көшбасшысы Ильфат Абдуллин Антальядағы әлем кубогі кезеңіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Маусым айы мен үшін жақсы өтіп жатыр. Азия кубогінде күміс жүлдегер атандым. Кейін Антальядағы әлем кубогінде өзіме қажетті біраз нәрсені түйдім. Бұл бәсекеде өзімнің техникама көңілім толды. Өз деңгейіме сай нәтижеге  қол жеткіздім. Осы екі турнир қай жағынан ақсап жатқанымды, қай жағынан артық тұрғанымды көрсетті. Қазіргі уақытта Олимпиадаға қызу дайындық жүріп жатыр. Бапкерлеріміз де жазғы ойындарға бабымызды бару үшін барын салып жатыр. Қалғаны біздің қолымызда. Сәтті өнер көрсетерімізге сенемін", - деді Абдуллин. 

Айта кетелік, Ильфат Абдуллин Токио Олимпиадасында 1/8 айналымға дейін жетті. Париж ойындарында садақ атудан Қазақстан намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еремин қорғайды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...