Алматыда кадеттер мен жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия кубогі өтеді

Алматыда кадеттер мен жасөспірімдер арасында дзюдодан Азия кубогі өтеді

4-7 шілде күндері Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Төрт күнге созылатын дүбірлі дода Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді.

Жарыс нәтижесі бойынша Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейингте ұпай қосылады: І орын – 100 ұпай, ІІ орын – 60 ұпай, ІІІ орын – 40 ұпай.  

Бекет Махмұтов - 2009-2012 жылдары Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған спорт функционері. Аталған жарыс Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес, биыл дәстүрлі түрде жетінші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа май экстракциялық зауытының құрылысы аяқталды. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді, деп...

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау,...

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...