Олимпиада-брейкинг: Қазақстандық Әмі Закировтың өнерін тамашалау үшін не білу керек

Олимпиада-брейкинг: Қазақстандық Әмі Закировтың өнерін тамашалау үшін не білу керек

Әмір Закиров Париж Олимпиадасында брейкингтен ел намысын қорғайтын тұңғыш спортшы атанды. Аталған спорт түрі Олимпиадаға алғаш рет еніп отыр. Жанкүйерлер үшін де бұл спорттың жұмбағы көбірек, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Брейкинг – қалалық би түрінің бірі. Ол 1970 жылдары АҚШ-та пайда болып, кейін кеңірек таралған. 1990 жылдан бастап бүкіл әлемде жарыстар өте бастады. Мұнда биге қажетті акробатикалық элементтер, аяқпен қимылду, музыкаға импровизация жасау жиі кездеседі. 

Амир Закиров Қазақстандағы үздіктердің бірі. 2021 жылы ол брейкингтен өтетін беделді брейкингтен Red Bull BC One турнирінде топ жарды. Қазіргі таңда би-бой (брейкинге жігіттер осылай аталады, ал қыздар – би-герл) әлемдік рейтингте төртінші орында тұр. 

Ол Олимпиада жолдамасына іріктеу турнирлері сериясы бойынша жолдама алды. Брейкингтен лицензия екі жарыс қорытындысына қарай үлестірілді.  Шанхайда өткен бірінші кезеңде Закиров сәтсіз өнер көрсетіп, небары 15-орыннан көрінді. Ал Будапештте қазақстандық спортшы финалға дейін жетіп, екінші орыннан көрінді. Ол ақтық сында Нидерланд өкілі Lee-ден ғана қтылды. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады. Жалпы есепте қазақстандық алтыншы орынға тұрақтап, жолдамаға қол жеткізді. 

«Будапешттегі  жарыс алдында біраз қиналдық. Қысым көп болды. Төрешілерге қатысты мәселелер де жоқ емес, сондықтан, оған да алаңдадық. Брейкинг қазір спорт түрі саналады. Ал төрешілердің ішінде беделі мен тәжірибесі күмән тудыратындар да бар. Сондықтан, бізге екі-үш қадам алда жүру керек болады. Өйткені, бізде салмақ дәрежелері жоқ, барлық бір бір жүлде жиынтығына таласады. Бәсекелестік өте жоғары», - дейді Шерхан. 

Закиров үлкен дайындықтан өтті. Оған Қазақстан командасындағы спарринг-әріптестері көмектескен.

«Біздің Будапешттегі стратегиямыз қалай болды? Алдымен бір кезеңдерден тұратын олимпиадалық форматқа дайындалдық. Ұлттық құраманы, ең мықтыларды жинадық. Би-бойлар спарринг-әріптес ретінде көмектесті. Күніне екі рет өте ауыр жаттығу өткіздік. Бізге Ресей құрамасынан кеңес беретін кеңесші-бапкер бар, соның жетекшілігімен арнайы бағдарлама арқылы дайындалдық. Біздің жігіттер өте мықты, халықаралық деңгейге жеткен. Қазір Қазақстанмен әлемдік брейкингтің алыптары санасады».

Шерхан Жеңіс Әмірдің стилін сипаттап, оның өнері бар әлемді неліктен таң қалдырғанын айтты. 

«Әмір – брейкингтегі жаңашыл тұлға. Оның стилінен не күтеріңді білмейсің. Спортшының екінші аты да соған саяды – ғайыптан келген. Себебі, оның стиліндей стиль жоқ. Ол 2021 жылы әлемдік турнирде топ жарғанда, бар әлем таң қалды. Брейкинг осындай да болады екен деген ой келді бәріне. Бұл мұндай жеңіске қол жеткізген ТМД-дағы тұңғыш әрі жалғыз спортшы. Ол брейкингке спорттан бұрын, өнер деп қарайды. Себебі, спортқа біз жақында ғана келдік», - дейді Жеңіс. 

Баттл кезінде бағдарламаң мен элементтерді орындау біз ойлағандай оңай шаруа емес. Бұл жерде де көпшілік байқай бермейтін жайттар бар. 

«Бізде спорттық гимнастикаға ұқсайтын жайттар көп. Бірақ аталған спорт түрінен бізді ерекшелейтін маңызды айырмашылық бар. Гимнастикада барлық атлеттер бір элементтерді орындай береді. Ал бізде бұлай жасауға болмайды. Брейкингте бағдарламаның құрылуына, стиліне қолданылатын базалық элементтер бар. Ал барлығы іс жүзінде powermove (күштік, трюктер орындалатын бөлім), freezes (тоқтай қалатын сәт), footwork (аяқпен жұмыс), toprock (би) – ге бағытталған. Базалық элементтер қандай болса да, сен оны жетілдіруің керек. Себебі, брейкинг үнемі жаңартылып келеді. Жаңа қимылдар, элементтер қосылады. Егер сіз айтарлықтай жоғары деңгейге жетіп, өзіңіздің жаңа элемент ойлап тапсаңыз, бұл тек сіздің еншіңізде қалады. Басқа би-бойлар мұны пайдала алмайды, пайдаланған жағдайда бұл ұрлық болып есептеледі. Әмірге бұлай айта алмаймыз. Оның барлық стилі – оригинал. Барлығы өзінің еңбегі», - дейді ол.

Көрсетілім кезінде музыка үлкен рольге ие. Ритмді сезе білу аса маңызды саналады. 

«Баттл кезінде диджейдің қандай музыка қоярын сіз ешқашан білмейсіз. Тек би алаңында ғана естисіз. Осы кезде фристайл басталады. Музыка, ритмге, мотивке икемделуіңіз керек. Сен жүз пайыз дайын болсаңда, музыка өтпеуі мүмкін. Сондықтан, би-бойларға әуенді сезе білу маңызды. Барлық элементтен музыкаға сай орындалуы керек. Егер өте ауыр элемент орындасаң, көрсетілім кезінде қателесуің де мүмкін. Кейде тепе-теңдік сақтай алмай қаласың. Бүкіл бағдарлама үлкен жылдамдықта жасалатыны тағы бар. Қалай десек те, қателіктен қашу мүмкін емес», - дейді Шерхан.

Олимпиада ойындарында брейкингтен 32 спортшы жүлдеге таласады (16 ер, 16 әйел.)

«Олимпиададағы қарсыластарды біз әлдеқашан зерттегенбіщ. Америкалық Виктор Монтальво бар. Қазіргі әлем чемпионы, Red Bull BC One турнирін үш рет жеңіп алған. Бағдарламаны таза, дәл орындайды, бір ритмде қозғалады. Бізде мынадай нәрсе бар. Егер сен мейілінше  жеңіл элемент орындасаң, оны мейілінше тез жылдамдықта жасауың керек», - деп түсіндірді Жеңіс. 

Брейкингте айрықша бағаланатын ештеңе жоқ. Би-бой аталған спорт түріне қажетті қасиеттердің бәріне ие болуы керек. 

«Күштік элемент, иілгіштік немесе аяқпен жұмыстың біріне ерекше басымдық берілмейді. Спортшы бәрінен де мықты болуы тиіс. Кейбір спорттық жарыстарда күшке көңіл бөлінеді, кейбірінде жеңілірек бағдарламалар алға шығып жатады. Бірде мынадай жағдай да болған. Би-бойлардың бірі кілең акробтикалық элементтерден, айналулардан тұратын бағдарлама орындады. Бірақ одан кейін шыққан спортшы музыканы керемет ойнатып, жеңіл жаттығуларды әдемі алып шықты. Осылайша, жеңіп кеткені бар. Мұндай кезде сендегі powermove айтарлықтай көмектеспейді. Айтпақшы, бізде де осындай бала бар. Диас Әубәкіров. Оны Риодағы  Red Bull BC One турнирінің негізгі айналымына ешқандай іріктеусіз шақырды. Алғаш рет қазақ баласын шақырып отыр осылай. Турнир желтоқсанда өтеді»,  - дейді Жеңіс. 

Олимпиада ойындарында баттлдар бірге-бір форматында өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...