Никита Чирюкин Париж Олимпиадасында іріктеуден өткен жоқ

Никита Чирюкин Париж Олимпиадасында іріктеуден өткен жоқ

2024 жылғы Париж Олимпиадасында 10 метрге пневматикалық тапанша арқылы нысана көздеуден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сында қазақстандық Никита Чирюкин өнер көрсетті. Өкінішке қарай, ол іріктеуде 16-орын алып, финалға өте алған жоқ. 

Айта кетелік, іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы сегіз спортшы финалдық кезеңге өтеді. 

Ал бүгін Александра Ле мен Ислам Сәтпаев Қазақтанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлады. Олар аралас командалық сында жүлдегерлер қатарына енді (10 метр, пневматикалық винтовка).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...