Тарихи сәт: Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы

Тарихи сәт: Елдос Сметов дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сметов 60 келі салмақта жеңімпаз атанды. Финалда ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзені жеңді. 

Елдос белдесу соңына қарай маңызды ұпай жинап, сол басымдықты сақтап қалды. Нәтижесінде, ол дзюдодан Қазақстан тарихында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы ретінде тарихқа енді. 

Айта кетелік, Елдос өз мансабында үшінші рет Олимпиада жүлдесін алып отыр. 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс алған ол Токиода қола жүлдегер атанған еді. 

Олимпиаданың аңсаған алтынына ол 31 жасында, Париж төрінде қол жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Бұл қадам ұшу қауіпсіздігіне бақылауды...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ...

Өткен сенбіде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция...