Нариман Курбанов пен Милад Карими Олимпиаданың финалына өтті

Нариман Курбанов пен Милад Карими Олимпиаданың финалына өтті

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Нариман Курбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Курбанов тұтқалы ат снаряды бойынша Олимпиада алтынына таласып көреді. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен алтыншы орын алды. Айта кетелік, жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.

Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті.

Гимнастардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Нариман Курбанов:

тұтқалы ат жаттығуы – 15.000 ұпай, 6-орын (финалға өтті)

Милад Карими:

көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын

керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын

еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті)

шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын

қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын

қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын

тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...