Тұрлыханов UWW президенті болып қайта сайланды

Тұрлыханов UWW президенті болып қайта сайланды

12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің бас ассамблеясында оның қазіргі басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысушылардың бірауыз шешімімен төрт жыл мерзімге қайта сайланды.

Ассамблеяға Біріккен күрес әлемінің президенті, ХОК атқару комитетінің мүшесі Ненад Лалович (Сербия), UWW вице-президенттері Михаил Мамиашвили (Ресей) және Ахролжан Рузиев (Өзбекстан), сондай-ақ UWW бюросының мүшесі Сайяф аль-Шахрани (Қатар) қатысты.

Еске салайық, Дәулет Тұрлыханов 2017 жылы мамыр айында Нью-Делиде өткен конгресте Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылғы 4 шілдеде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ...

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «AI-Sana: инерциядан серпінге» ұранымен ауқымды...