«Қайрат» «Барселонамен» ойнайды

«Қайрат» «Барселонамен» ойнайды

Алматылық «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында португалиялық «Бенфиканы» жеңді. Кездесу 28 сәуірде Задар қаласында (Хорватия) өтіп, 6:2 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталды.

16-минутта Гадейя есеп ашты. Бірақ португалиялық клуб бірден есепті теңестірді. 31-минутта Эдсон алматылық ұжымды есепте қайта алға шығарды.

«Қайрат» командасы екінші голдан кейін қақпашысын ауыстыруға мәжбүр болды. Сары қағаздың көптігіне байланысты Игита алаңнан қуылды. Оның орнын 19 жастағы Нарун Серіков иеленді. 35-ші минутта қарсыластар таразы басын теңестірді. Нәтижесінде матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Командаларға қосымша екі экстра-тайм өткізуге тура келді.

Бірінші экстра-тайм соңында «Қайрат» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов гол салды. Екінші экстра-таймда Гадейя дубль жасады. Көп ұзамай Фернандиньо қанжығасын майлады. Ал, соңғы секундтарда Біржан Оразов кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша, «Қайрат» жартылай финалдағы қарсыласы белгілі. Кака шәкірттері келесі кезеңде «Барселона» командасына қарсы ойнайды. Турнирдің жартылай финалы 1 мамырда, а,л финал 3 мамыр күні өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...