Талғат Орынбасар дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі

Талғат Орынбасар дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде үшін күреседі

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта Орынбасар италиялық Винченцо Манферлоттиді жұбаныш айналымында таза жеңді. 

Осылайша, қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның қарсыласы Әзербайжаннан келген Низами Имранов болмақ. 

66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық Алессио Де Лукеге есе жіберді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...