Алматыда хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді

Алматыда хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді

Халықаралық хоккей федерациясы (ИИХФ) аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 2024 жылғы 6-9 қарашаға жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек. 

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.  

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде біздің студенттік құрама күміс жүлделерді еншілеген болатын.

Еске салсақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 2024 жылғы 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Айта кетелік, алдағы турнирлер 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Республика күні мерекесіне орай өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес, облыстағы барлық аудан-қалаларда 121 іс-шара өткізілмек. Бұл...

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Өзбекстан –...