Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді

Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді

12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек. Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады. 

Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады. 

Төменде жарыстар кестесі ұсынылған:

12 қазан

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 — жарыстардың басталуы

16:30 — ресми ашылу рәсімі 

17:00 — финалдар 

13 қазан

Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 — жекпе-жектердің басталуы

17:00 — финал жекпе-жектері

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде соңғы жеті жылда аграрлық салада қол...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасының...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл...