Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бойынша БҰҰ-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Астана, 2026 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (БҰҰ ОАПДӨО) басшысы Каха Имнадземен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелері және Қазақстанның БҰҰ-мен превентивті дипломатия, қауіпсіздік және орнықты даму салаларындағы одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Тараптар Орталық Азиядағы мемлекетаралық қатынастардың оң даму серпінін қарастырды. Е.Ашықбаев саяси диалогтың тереңдеуі, өзара сенімнің нығаюы және өңірлік ынтымақтастық форматтарының кеңеюі ортақ сын-қатерлерді бірлесіп шешуге қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ядролық қарусыздану және таратпау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуына орай өңірдің жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін нығайтуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Су дипломатиясы мәселелері, атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру және Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күнін белгілеу жөніндегі бастамаларын ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Сұхбаттастар БҰҰ-ны реформалау және оның қазіргі жаһандық сын-қатерлерге бейімделу мәселелерін де қозғады.

«БҰҰ-80» бастамасын іске асыру аясында БҰҰ ОАПДӨО мен Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы арасында тығыз өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар Орталық Азияда ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету мүддесінде ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде соңғы жеті жылда аграрлық салада қол...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасының...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл...