Қазақстанда мотор майларына 6,6 млн цифрлық таңбалау коды енгізілді

Қазақстанда мотор майларына 6,6 млн цифрлық таңбалау коды енгізілді

Digital Tañba 2026 аясында «Цифрлық таңбалау: жүйелі шешімдерден нақты нәтижелерге дейін» тақырыбында өткен пленарлық сессияда ҚР Энергетика министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Ержан Қошқаров энергетика саласында цифрлық таңбалауды енгізу барысы туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Баяндама барысында екі негізгі бағыт қаралды: мотор майларын, жағармай материалдарын және арнайы автомобиль сұйықтықтарын міндетті таңбалау, сондай-ақ тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газын таңбалау және оның айналымын қадағалау жобасы.

Қазақстанда мотор майларын міндетті таңбалау 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілді. Ал 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап талаптар жағармай материалдары мен арнайы автомобиль сұйықтықтарының жекелеген түрлеріне де қолданыла бастады. Өнімнің әрбір бірлігіне тауарды сәйкестендіруге және оның қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін бірегей Data Matrix екі өлшемді коды енгізіледі.

Бүгінгі таңда жүйеде тауар айналымына қатысатын 750-ден астам қатысушы тіркеліп, 6,6 млн-нан астам таңбалау коды енгізілді.

Сонымен қатар тұрмыстық газ баллондарын цифрлық сәйкестендіру мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылы Энергетика министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен және Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторымен бірлесіп пилоттық жобаны іске асырды. Сынақ барысында баллондарды сәйкестендіру, әрбір толтыру кезінде газды таңбалау және жүргізілген операцияларды цифрлық жүйеде тіркеу тетіктері пысықталды.

Цифрлық таңбалауды енгізу энергетика нарығының ашықтығын арттыруға, өнімдердің заңсыз айналымын қысқартуға, тауарлардың қозғалысын қадағалауды қамтамасыз етуге және тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі,...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде соңғы жеті жылда аграрлық салада қол...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасының...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл...