Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты

Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені иеленді. 

Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами «алтын» алды. 

Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті. 

Айта кетелік, бұған дейін аталған додада Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын (59 келіге дейінгі салмақта).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...