Шымкент: Футболдан республикалық жарыс аяқталды

Шымкент: Футболдан республикалық жарыс аяқталды

Шымкентте өткен Ұлттық Мектеп Лигасының бағдарламасында 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан республикалық жарыс аяқталды. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Былғары доп» турниріне еліміздің әр өңірінен 12 команда сайысқа түсті.

Бір аптаға созылған жарыста Қызылорда облысы Қазалы ауданының №249 жалпы орта мектебінің командасы 1-орынды иеленді. Олар финалда Алматы қаласы Медеу ауданындағы №159 гимназиясының футболшыларын ұтты. Ал, үшінші орынды Жамбыл облысы Байзақ ауданының футболшылары иемденді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін шымкенттік оқушылар Ұлттық Мектеп Лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 10 түрінен бірінші орынды иеленді. Аталған сайыс бүгінде спорттың он түрін қамтып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...