Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

Жүкембаев бокстан уақытша шеттетілді

30 мамырда жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1-0, 14 KO) АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Калифорнияның Карсон қаласында өткен бокс кешіне қатысып, онда Пуэрто-Риконың өкілі Сабриэль Матиаспен (17-1-0, 17 KO) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген кездесу сегізінші раундта аяқталды. Батырдың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жекпе-жектен кейін Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы екі боксшыны да жекпе-жектен уақытша шеттетті: Жүкембаевқа рингке шығуға 2021 жылдың 13 шілдесіне дейін, ал Матиасқа - 5 маусымға дейін тыйым салынды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...