«Бозоқ» музей-қорығында білім берудің жаңа бағыттары талқыланды

«Бозоқ» музей-қорығында білім берудің жаңа бағыттары талқыланды

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей – білім беру кеңістігі: инновациялық жұмыс бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен тарихшы ғалымдар, музей қызметкерлері, педагогтер және сала мамандары қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Семинардың басты мақсаты – тарихи мұраны сақтау, оны кеңінен таныту, музейлердің ғылыми-ағартушылық жұмысын дамыту және музейлер мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту.

Жиында көтерілген мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарды Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне баулу жөніндегі тапсырмаларымен үндеседі.

Семинар барысында қатысушылар музей жұмысын жаңаша ұйымдастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ музейлер мен білім беру ұйымдарының алдағы ортақ жұмысына қатысты пікірлерін ортаға салды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының кәсіпкерлік құрылымында қоғамдық тамақтану саласының экономикалық маңызы ерекше. Тұрғындар мен қала қонақтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін асханалар,...

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кен байыту фабрикаларын жаңғыртып, жаңа кәсіпорындарды іске қосты. Осы кезеңде тау-кен металлургия саласының...