Ақмола облысында 328-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Ақмола облысында 328-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Нұрсіл ауылында 328-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бекет ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 19 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жалпы саны 15 мыңға жуық тұрғыны бар екі елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Нысан жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаражаты есебінен салынды. Қазіргі уақытта бекет қажетті құрал-жабдықтармен және жеке құраммен толық қамтамасыз етілген.

Жаңа құралымның ашылуы өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, тұрғындар мен ауыл шаруашылығы нысандарын қорғауға және төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» энергетика жөніндегі 4-ші...

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаменті Әділет министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, Министрлік қызметкерлері мен оның аумақтық...