Жолдау: Сарыағашта 22 инвестициялық жоба қолға алынбақ

Жолдау: Сарыағашта 22 инвестициялық жоба қолға алынбақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды»- деген болатын. Осы орайда, Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов және оның жетекшілік ететін салалары, атап айтқанда: ауданның кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және жер қатынастары бөлімдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жиын барысында жүзеге асыруға көзделген 22 инвестициялық жоба, нақтырақ: құс, мал, жылыжай шаруашылықтары, сонымен қатар өндірістік бағыттағы жобалар бойынша аудан әкімінің алдыңғы жиындарда берілген тапсырмалары пысықталды.

Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты орынбасарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында жол картасын дайындауды жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...