Шымкент: 600 адам қайтарымсыз грантқа ие болды

Шымкент: 600 адам қайтарымсыз грантқа ие болды

«Бастау бизнес» жобасы кәсібін бастаушы азаматтар үшін бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан үлкен мүмкіндік.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, былтыр жоба аясында 2820 адам оқыды. Ал, биылдың өзінде осы жоба бойынша 600 адам грантқа ие болды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Солардың бірі Шынар Сарыбаева – тігін шебері. Ол қазақи нақыштағы құрақ көрпе-төсек, бесік жабдықтарын жасаумен айналысады.

Шынар Пернебекқызы өзінің кәсібін дамыту мақсатында былтырғы жылы 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын оқып, куәлік алды. Кейін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізді. Нәтижесінде тігін шебері өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап, қыркүйек айында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грантқа қол жеткізді.

- Өзіме ұнайтын іспен айналысып, қазақтың ұмыт болған ою-өрнектерін заманауи үлгідегі бұйымдар мен киімдерде нақыштап безендіруге тырасамын. Ең бастысы жұмысым тапсырыс берушілердің көңілінен шығады – дейді шебер.

Бүгінде қала тұрғыны өз тігін шеберханасын ашып, тапсырысқа заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектелген қыз жасауларын, көрпе-төсек жабдықтарын және т.б. тұрмысқа қажетті заттарды жасауды қолға алған.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...