Карантиндік шаралар қатаң бақыланады

Карантиндік шаралар қатаң бақыланады

Шымкент қаласындағы карантиндік талаптарды сақтауды қатаң бақылау жөніндегі қала әкімі М. Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аралау барысында мейрамхана иелерімен кездесті. Аудан әкімі қазіргі таңда эпидахуал тұрақты болмауына байланысты Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес көпшіліктің қатысуымен өтетін жиындарды тоқтату қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, аталған талаптар сақталмай заң бұзушылық орын алған жағдайда, кәсіпкерлік нысан басшылығына Заң шеңберінде тиісті шаралардың қолданылатынын да атап өтті.

Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде аудан аумағында жалғаса бермек.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму...

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынына назар аударып, екіжақты ықпалдастық...

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы...