Алматы әкімі - Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылға қарағанда 2,2 есе көп

Алматы әкімі - Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2022 жылға қарағанда 2,2 есе көп

Алматыда жергілікті бюджет кірістерінің өсуі ағымдағы жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгеден астам ( өсім 21,2% ) құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Желтоқсан айының басында мәслихатқа Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті енгізілді. Еліміздің тарихында алғаш рет 2025 жылға арналған қалалық бюджет 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2 есе жоғары», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бері Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарды дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 458 млрд теңгеге жетті.

«Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қараша айында азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттырудың басым міндетін назарда ұстау қажеттігін атап өтті. Қала бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды, оған 2025 жылы 40% – дан астам немесе 894,3 млрд теңге, 2022 жылға қарай 1,8 есе, үлесі - 40,2%», - деп толықтырды Алматы әкімі.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...