Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды. Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. Бес жоғары оқу орнына (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) зерттеу университеті мәртебесі берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіп түрінде сатылым жыл бойы біркелкі болмайды. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс мереке, оқу жылының басталуы, ауа райының...

Нарықтағы сұраныс үнемі бір деңгейде сақталмайды. Тұтынушылардың талғамы, маусымдық қажеттілік және жаңа өнімдерге қызығушылық өзгеріп отырады....

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...