Жыл қорытындысы: Еңбекші ауданында 43 ойын алаңшасы орнатылды

Жыл қорытындысы: Еңбекші ауданында 43 ойын алаңшасы орнатылды

Биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. 2023 жылы аудан аумағында 28 көше жарықтандырылса, биыл 192 көшеге жарық жүйелері жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті екі жүз қырық төртке жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ ауданда тұрғындар өтінішіне сәйкес 15 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 43 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.
Онымен қоса 5 елдімекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 5 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар 3 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп, жарықтандырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіп түрінде сатылым жыл бойы біркелкі болмайды. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс мереке, оқу жылының басталуы, ауа райының...

Нарықтағы сұраныс үнемі бір деңгейде сақталмайды. Тұтынушылардың талғамы, маусымдық қажеттілік және жаңа өнімдерге қызығушылық өзгеріп отырады....

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...