Қоғамдық көліктерде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

Қоғамдық көліктерде дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында эпидахуалдың тұрақсыз болуына орай, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Залалсыздандыру жұмыстары қоғамдық көліктерде, теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда жүргізілуде.

Тұрғындарды тасымалдап жүрген қаладағы 17 тасымалдаушы компанияға тиесілі 77 бағыт бойынша 880 қоғамдық көлікке күніне екі рет дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Ал теміржол вокзалы мен халықаралық әуежайда күн сайын дезинфекцияланады.

Қоғамдық көліктерді жедел өңдеу мен толық қамту үшін дезинфекциялық бригадалары бар «Onlinepharma» компаниясы жұмыс істеуде. Дезинфекциялық өңдеуге адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 4-ші сыныпты қауіпсіз препараттар қолданылуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...