Үкіметте өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу мәселелері қаралды

Үкіметте өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу мәселелері қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, өңірлерде оңалту орталықтарын салу, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС қоймалық инфрақұрылымының құрылысы мәселелері қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев денсаулық сақтау нысандарының іске асыру мерзімдерін сақтау, уақтылы қаржыландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелеріне басты назар аудару қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қажетті медициналық бұйымдармен жабдықтауды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...