Қазақстанда дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды

Қазақстанда дәріханалар мен медициналық ұйымдар арқылы 12 млн таңбаланған дәрілік зат сатылды

Үкіметте дәрілік заттарды таңбалау және қозғалысын бақылау жүйесі жұмысының аралық нәтижелері қарастырылды. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске Денсаулық сақтау министрлігі, «СҚ Фармация» және «Қазақтелеком» компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспановтың келтірген дерегінше, жүйе енгізілгелі бері елдегі емдеу мекемелері 16,5 млн, ал дәріханалар 21,5 млн-нан аса таңбаланған дәрілік заттарды қабылдаған. Сонымен қатар шамамен 12 млн дәрі қаптамасын сатқан.

Айта кету керек, дәрілік заттарды таңбалау және бақылау жүйесі елімізде өндірілген немесе сырттан әкелінген әрбір дәрі-дәрмектің айналымнан толық алып тастағанға дейінгі қозғалысын онлайн режимінде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.

«Басты мақсат – азаматтарды қауіпсіз әрі сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Ашық бақылау контрафактілі дәрілердің айналымға түсуіне жол бермейді және Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге емдеу мекемелерінің дәрілік заттармен қамтылу деңгейін бақылауға жағдай жасайды. Сондай-ақ дәрі-дәрмектің мақсатты қолданылуын қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Сондықтан бұл тетікті мейлінше пайдалана отырып, қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау қажет», — деп тапсырды Тамара Дүйсенова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...