Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.

Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...