Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді

Ғани Бейсембаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асуы бойынша кеңес өткізді
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы облыс әкімдері орынбасарлары, білім басқармалары басшылары, орталық мемлекеттік органдардың және құрылыс операторы «Samruk Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүруде. Оның аясында 2026 жылға дейін 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарланған.
 
2024 жылдың қорытындысы бойынша 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп салынды. Ұлттық жобаны іске асыру барысында білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне басымдық берілген. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар қарастырылған. Басты талаптардың бірі - қазіргі заманғы техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын күшейту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құру және мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...