Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Bett Show 2025 көрмесінде Ұлыбританиямен инновациялар мен ынтымақтастықты талқылады

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Bett Show 2025 көрмесінде Ұлыбританиямен инновациялар мен ынтымақтастықты талқылады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Bett Show 2025 көрмесіне қатысу аясында жоғары білім беруді дамытуға және ғылыми зерттеулерге арналған ресми кездесулер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ұлыбританияның ресми тұлғаларымен кездесулер өтті.

Атап айтқанда, Министр Саясат Нұрбек Ричмонд герцогы Чарльз Генри Гордон Леннокспен, сондай-ақ Еуропа және Солтүстік Америка істері жөніндегі мемлекеттік министр Стивен Доути мырзамен кездесті.

Инновациялық жобаларды қолдау, елдер арасында әріптестік бағдарламалар құру, сондай-ақ білікті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бастамаларын дамыту мәселелеріне басты назар аударылды.

Кездесулер нәтижесінде екі тарап та мемлекеттердің мүддесі үшін жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған нәтижелі әріптестікке дайындықтарын көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...