Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкентте спорт мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

Шымкентте №15 Жекпе-жек түрлерінен кешенді олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мегаполис басшысы жаңа ғимаратты аралап, спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар осындай маңызды жобаларды жүзеге асыру жастар арасында спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кету керек, спорт мектебі республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген майталман  спортшыларды тәрбиеледі. Олардың арасында Елена Шалыгина мен Софья Берульцева бар.

2400 шаршы метрден асатын жаңа төрт қабатты спорт кешеніне грек-рим және еркін күрес, дзюдо, кикбоксинг, каратэ, самбо және фитнес сабақтарына арналған алты мамандандырылған зал кіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...