Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин мен оның барша отандасын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жаңару мен бірлікті, мейірімділік пен жасампаздықты дәріптейтін қастерлі мейрамға орай жылы лебізін жеткізіп, елін бүгінгіден де биік белестерге жетелеуді көздеген ҚХР Төрағасының стратегиялық бастамалары мен игі жоспарларына сәттілік тіледі.

– Қазақстан мен Қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі күннен-күнге жанданып, мызғымас достық пен өзара тиімді ықпалдастықтың үлгі тұтарлық көрінісіне айналғанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бұл игі іске Сіздің қосып отырған ерекше үлесіңізді жоғары бағалаймын және Қытаймен сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға мүдделі екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...