Талғат Ластаев Қытай Азаматтық авиация әкімшілігі басшысының орынбасарымен кездесті

Талғат Ластаев Қытай Азаматтық авиация әкімшілігі басшысының орынбасарымен кездесті

ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қытай Халық Республикасы делегациясының басшысы, Қытай Азаматтық авиация әкімшілігі (CAAC) басшысының орынбасары Нань Лян ханыммен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz – Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері, екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту перспективалары, авиациялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ авиациялық реттеуші органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жайы талқыланды. Талғат Ластаев Қытайдың өңірдегі Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретіндегі стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Ынтымақтастығымыздың оң қарқынын ерекше атап өткім келеді. Тек ағымдағы жылдың өзінде елдеріміздің авиациялық билік органдары екіжақты келіссөздердің екі раундын өткізді. Екі раундта сәтті аяқталып, әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді», – деді Вице-министр. Сонымен қатар ол қазақстандық тараптың оң үрдісті сақтауға және азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Талғат Ластаев қытайлық тарапты елдегі ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, оның ішінде үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Зайсан қаласында жаңа әуежай салынуы. Бұл жоба өңірлердің көліктік қолжетімділігін арттыруда, ішкі туризмді дамытуда және Қазақстанның халықаралық көлік мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды қадам болмақ.

Кездесу барысында Вице-министр қытайлық «COMAC» авиақұрылыс корпорациясымен ынтымақтастықты дамыту бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынып, Қазақстанның осы бағыттағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Қазақстандық тарап «COMAC» компаниясымен одан әрі мазмұнды диалог жүргізуге және практикалық ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.

Бұдан бөлек, тараптар өткен «Орталық Азия – Қытай» (C5+1) конференциясының нәтижелі қорытындыларына жоғары баға беріп, оның өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, көліктік байланысты дамыту және Орталық Азия елдері мен ҚХР арасындағы серіктестікті кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша күш-жігерді біріктіруге және екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытты.

Аталған кездесу қазақстан-қытай серіктестігін нығайту және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы кезекті қадам болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Freedom Holding Corp. компаниясы COP31 конференциясы аясында «Міндеттемелерден инвестицияларға: тұрақты дамуды іске асыру жолдары» атты панельдік...