Степногорскіде жедел басқару орталығы ашылды

Степногорскіде жедел басқару орталығы ашылды

Степногорскіде жедел басқару орталығы ашылды. Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында аумақтық полиция бөлімшелерінің күнделікті қызметіне инновациялық технологияларды енгізу жалғасуда. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру өңірлік полиция департаменті үшін негізгі міндетке айналды, ал ұсақ құқық бұзушылықтарға жедел ден қою — полиция қызметінің тиімділігінің басты көрсеткіші.

Ішкі істер министрі жариялаған "Профилактика жылы" аясында Степногорск қаласында полиция қызметкерлері мен моноқала тұрғындары үшін маңызды әрі көптен күткен оқиға болды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жедел жағдайды тәулік бойы бақылауды ұйымдастыру мақсатында 31 қаңтар күні қалада заманауи жедел басқару орталығы жұмысын бастады.

Салтанатты ашылу рәсіміне полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашев, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, жеке құрам және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Жаңа нысан қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын 324 бейнебақылау камерасы арқылы бақылауды қамтамасыз етеді. Орталықтың жедел залында 26 қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында "102" жедел желісінің операторлары, бейнебақылау инспекторлары, нұсқаушылар және ҚКБТ инспекторлары бар.

Орталықта 324 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, оның ішінде 139 камера Степногорск көшелерінде және 9 камера жақын маңдағы елді мекендерде: Ақсу және Қарабұлақ кенттерінде орнатылған. Сонымен қатар ЖБО жүйесіне 176 "бұлтты бейнебақылау" камерасы қосылған, олар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларын онлайн режимде бақылауды жүзеге асырады.

Болашақта орталыққа қаладағы орта мектептер мен колледждердегі бейнебақылау камералары қосылмақ.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасын орындау аясында цифрлық жобаларды енгізу және жаңа технологиялық жабдықтарды, әсіресе бейнебақылау жүйелерін қолдану құқық бұзушылықтарды болдырмауға және қылмыстарды жедел ашуға, осылайша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өңірде үш толыққанды ЖБО жұмыс істейді: облыс орталығы Көкшетау қаласында, сондай-ақ Щучинск және Степногорск ірі қалаларында. Өткен жылы ЖБО көмегімен облыста 270-тен астам қылмыс ашылып, 49 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...