Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі ашылады

Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі ашылады

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова Шәкәрім университетінің жұмысымен танысты. Іс-сапар барысында профессор-оқытушылар құрамымен аграрлық ғылым мен білім беруді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесудің тағы бір негізгі мақсаты болашақта мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған технопаркін құру. Абай облысындағы қолайлы климат пен мал шаруашылығының дамыған инфрақұрылымы осы бастамалардың өзектілігін атап көрсетеді.

«Университеттің аграрлық сектор үшін білікті мамандар даярлауда бай тарихы бар. Технопарк құру арқылы жергілікті өнімді қайта өңдеудің сапасы мен көлемін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҰАҒББО басшысы.

ЖОО басшылығы ынтымақтастықты тереңдетуге және аграрлық бағытты дамыту бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға ниет білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...