Денсаулық сақтау министрлігі мейіргерлік персоналдың еңбек жағдайлары туралы ХЕҰ конвенциясына қосылуға бастамашылық етеді

Денсаулық сақтау министрлігі мейіргерлік персоналдың еңбек жағдайлары туралы ХЕҰ конвенциясына қосылуға бастамашылық етеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жұмысшы мамандықтар жылы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) халықаралық талаптарына сәйкес мейіргерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қосымша шараларға бастамашылық жасайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл бастамалар «Мейіргерлік персоналдың жұмыспен қамтылуы және еңбек жағдайлары мен өмірі туралы» ХЕҰ №149 Конвенциясын ратификациялауды ілгерілету шеңберінде қаралады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Ләззат Ақтаевамен және денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының төрағасы Бақытжан Тәжібаймен кездесу барысында құжатты ратификациялауға қатысты бірқатар мәселелерді және орта медициналық персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту түрінде күтілетін нәтижелерді талқылады.
Кездесуге қатысушылар Денсаулық сақтау министрлігінің басшысын ХЕҰ-ның Қазақстан тарапына ҚР-дағы стратификаттаудан кейінгі іс-қимылдарға сараптамалық қолдау көрсетуге, әртүрлі секторларда мейіргерлік күтімді және мейіргерлік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдардың барлық санаттары үшін «Мейіргерлік персонал» ұғымын біріздендіруге дайын екендігі туралы хабардар етті.

ХЕҰ N149 конвенциясы ратификацияланғаннан кейін білім беру, әлеуметтік қорғау ұйымдарының және басқа да секторлардың мейіргерлік персоналына денсаулық сақтау секторындағыдай құқықтар мен міндеттемелер берілетін болады.

Медициналық колледждер күтім жасау бойынша кіші мейіргерлерді, күтушілерді және басқа да пациенттерге күтім жасау мамандықтарын даярлауды қамтамасыз етеді. Медициналық ұйымдарда кіші мейіргерлер үшін жұмыс орындары құрылады, оларға мейіргерлердің күнделікті функцияларын жүктемені азайту үшін тапсыруға болады. Үйде емделушілерге күтім жасау бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігі жақсарады.

ХЕҰ N149 Конвенциясы ратификацияланғаннан кейін халықаралық нормаларды одан әрі имплементациялау бойынша қосымша серпін берілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...