Түркістан: мопедті тізгіндеушілерге талап күшейтілді

Түркістан: мопедті тізгіндеушілерге талап күшейтілді

ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, қозғалтқыш көлемі 500 см3-тан төмен мопедтер механикалық көлік құралдарымен теңестірілді. Енді мопедті пайдалану - тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл жайында Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының Процессингтік орталығының басшысы Бақытжан Мейірбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Мопедтерді тіркеу үшін тұрғылықты жеріңіздегі арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіңіз қажет. Түркістан облысындағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары Түркістан қаласында, Сайрам және Сарыағаш аудандарында орналасқан. Жалпы тіркеуден өту үшін бірнеше құжаттарды дайындаса жеткілікті»- деді спикер.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады. Осыған орай, мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес берілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...