Түркістанда жалпықалалық тазалық шарасы өтіп жатыр

Түркістанда жалпықалалық тазалық шарасы өтіп жатыр

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шара -  қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды. Дәл қазіргі сәтте Шауғар тұрғын алқабындағы 45 көше бойында сенбілік өтіп жатыр.

-   Ауламыз бен ауылымызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Әр аула таза болса, ауыл таза болады. Ал ауыл таза болса, ауданның тазалығы. Аудан тұрғындарын денсаулық кепілі болған тазалықты сақтауға шақырамын, - деді шауғарлық тұрғын Фатима Құдайбергенова.

Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...