Кентауда өткен тазалық шарасында 20 тонна қоқыс шығарылды

Кентауда өткен тазалық шарасында 20 тонна қоқыс шығарылды

Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға  6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.

-Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,- деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова.

Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда белсенділікті арттыру қажеттілігі ескерілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...