Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін оларды аралау кестесі бекітілді

Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін оларды аралау кестесі бекітілді

Сауда базарларын жаңғырту мәселесі Сауда және интеграция министрлігінің ерекше бақылауында. Жалпы елдегі базарларды жаңғырту 10 жыл бұрын басталған. 2015 жылы Сауда қызметін реттеу туралы заңға түзетулер енгізіліп, оған сәйкес ашық базар иелері 2020 жылға қарай шыны және бетоннан жасалған ғимараттарға ауысуы міндеттелді. Алайда аталмыш шаралар кейінге шегерілді. Бұл мерзім облыстар үшін - 2025 жылға дейін, Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін - 2023 жылға дейін бекітілді. ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында әкімдіктер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігінен, пандемия кезінде құрылыс материалдарының қымбаттауы секілді бірқатар объективті себепке байланысты базарларды жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталмағанын айтты. Нәтижесінде жаңғырту мерзімі 3 рет ауыстырылды (2018, 2021,2023 жылдар), деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...