Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды

Шымкентте 160 мыңға жуық тұрғын тегін дәрі-дәрмек алды

Өткен жылы Шымкент қаласында 160 мыңға жуық адам амбулаториялық жағдайда тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды. Бұл медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілген, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы өкілдерінің мәліметінше, диспансерлік есепте тұрған азаматтарға 100-ге жуық нозология бойынша босатылған. МӘМС жүйесі ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.
Тегін дәрілік препараттарды алу үшін пациент алдымен учаскелік дәрігерге қаралуы қажет. Дәрігер науқастың жағдайын бақылап, қажет болған жағдайда емхананың дәріханасынан тегін дәрі алу үшін рецепт тағайындайды. Сонымен қатар, шұғыл, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде де барлық қажетті дәрі-дәрмектер тегін беріледі.
Былтыр медициналық сақтандыру аясында 8 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...