Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Адылбек Касымалиевті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.

– Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, екі ел үкіметтеріне жүктелген басты міндеттердің бірі – жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың толықтай жүзеге асырылуын бақылау. Атап айтқанда, тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, қазақ-қырғыз шекарасындағы Индустриалды сауда-логистикалық кешенді жедел іске қосуға ықпал ету, сондай-ақ көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау қажет.

Өз кезегінде Адылбек Касымалиев қырғыз делегациясына қазақ жерінде көрсетілген қонақжайлыққа ризашылығын білдіріп, Президент Садыр Жапаровтың ізгі сәлемі мен тілегін жеткізді.

– Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді. Жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің арқасында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нығая түсті, – деді Қырғызстан Үкіметінің басшысы.

Адылбек Касымалиев мемлекеттер басшылары қойған барлық міндет қазақстандық әріптестермен бірге мұқият пысықталып жатқанын айтты.

Кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...